ШҚО-да соңғы екі жылда ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі үш есеге артты

Бүгін Үкімет отырысында ғылымды дамыту мәселелері талқыға салынды. Жиын барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов баяндама жасап, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді.

— Облыстағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары – металлургия, энергетика, көлік, цифрлық технологиялар, экология, агроөнеркәсіптік кешен және медицина салалары. Ғылыми-өндірістік инфрақұрылым, оның ішінде бизнес өкілдерінің қатысуымен құрылған зертханалар, тәжірибелік алаңдар мен инженерлік шеберханалар қарқынды дамып келеді. Соңғы екі жылда ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі үш есеге артты, мемлекеттік, халықаралық және тапсырыстық зерттеулерді қоса алғанда, 250-ден астам жоба іске асырылуда, — деді аймақ басшысы.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университетінде травматология және ортопедия саласына арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар әзірленіп, өндіріске енгізіліп жатыр. Олардың ішінде имплантаттардың 2 түрі клиникалық зерттеулерден толық өткен, 4 түрі клиникалық зерттеу кезеңінде, ал 14 түрі Астана қаласындағы Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия орталығында клиникалық сынақтан өтуге дайын.

Сәтті іске асырылып жатқан жобалардың қатарында облыстың үш аумағында енгізілген көшкін қаупін автоматтандырылған мониторингтеу жүйесі бар. Бұл тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

— Сирек және аса маңызды металдар үшін жаһандық бәсекелестік күшейіп отырған жағдайда, жаңа жоғары технологиялық өндірістерді іске қосу үшін әзірлемелердің технологиялық дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін Сирек металдарды зерттеу орталығын құру бойынша жұмыстар басталды. Университеттің қолданыстағы ғылыми-зерттеу және зертханалық инфрақұрылымы қажетті технологиялық тізбектің шамамен 60 пайызын қамтамасыз етіп отыр, бұл жобаны іске асыру мерзімі мен шығындарын едәуір қысқартуға жағдай жасайды, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Қазіргі уақытта 2030 жылға дейінгі облыстың даму стратегиясы әзірленіп, келісу кезеңінен өтуде. Аталған құжатта өңірдің бәсекелестік артықшылықтарын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстанда сирек жер элементтері мен сирек металдарды толық өңдеу циклымен өндіру жобасын іске қосу көзделген.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...