ШҚО әкімі «Торпедо» хоккейшілерін марапаттады

Нұрымбет Сақтағанов Англияның Ноттингем қаласында өткен Континентальдық кубоктан күміс медаль иеленіп келген «Торпедо» хоккей командасының ойыншыларын құттықтады.

— Бұл спортшыларды даярлаудың жоғары деңгейінің, жаттықтырушылар штабының кәсібилігінің, өңірде хоккейді дамыту мақсатында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі. Континентальдық кубоктың күміс медалі – маңызды спорттық жетістік қана емес, халықаралық аренадағы отандық хоккейдің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші. Өңіріміздің намысын абыроймен қорғап, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер. «Торпедо» біз үшін әркез чемпион! — деді ШҚО әкімі.

Одан соң Нұрымбет Сақтағанов Алғыс хат табыстап, өскемендік хоккейшілер мен Петропавлдан келген «Құлагер» командасының ойыны алдында символикалық шайба тастау рәсімін өткізді.

Айта кетейік, бұл клуб тарихындағы Континенталдық кубоктағы ең үздік нәтиже. Бұған дейін «Торпедо» хоккейшілерінің ең жоғары жетістігі 2007-2008 жылғы маусымда жеңіп алған қола жүлде болатын.

Новые статьи

Землетрясение магнитудой 4,7 зарегистрировали в ВКО

24 августа в Восточно-Казахстанской области зарегистрировали землетрясение. Подземные толчки зафиксированы в 19:31:56 по времени Астаны. По данным ТОО «ННЦСНИ» МЧС РК, эпицентр находился в координатах...

ДИАҚБ бақылаушылары Қазақстандағы сайлау комиссиялары жұмысының кәсібилігіне тәнті болды

Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау жөніндегі халықаралық миссиясының баспасөз конференциясы өтті. Шара барысындахалықаралық...

В Риддере 13-летняя девочка погибла после наезда на аркан для лошади

Трагедия произошла в Риддере Восточно-Казахстанской области. 13-летняя девочка, управлявшая мототехникой, получила смертельную травму после наезда на аркан, которым возле жилого дома была привязана лошадь. По...

В ВКО доля молодежи остается одной из самых низких в стране

На начало 2026 года в Казахстане насчитывалось 5,89 млн молодых людей. За год их число выросло на 69,4 тыс., или 1,2%, однако доля молодежи...