ШҚО-да 106 млрд теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асырылмақ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен өткен Өңірлік инвестициялық штаб отырысында Жалпыұлттық инвестициялық пулды өзектілендіру және аймақтағы негізгі жобаларды сүйемелдеу мәселелері қаралды.
ШҚО туризм басқармасының мәліметінше, бүгінде Жалпыұлттық инвестициялық пулда 62 жоба тіркелген. Оның 18-і пайдалануға берілген, соның ішінде техникалық іске қосылған жобалар да бар. Жалпы инвестиция көлемі 106 млрд теңгеден асады. Барлық жоба іске қосылғаннан кейін үш жыл бойы «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелденеді.
Өңірдің өнеркәсіптік ерекшелігін ескере отырып, негізгі драйверлер ретінде көп қаржы салуды қажет ететін және шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар айқындалып отыр.
Қазіргі таңда инвестициялық пулда: өнеркәсіп және тау-кен металлургия кешенінде 15 жоба (жалпы құны 632,6 млрд теңге), агроөнеркәсіптік кешенде 11 жоба (36,7 млрд теңге) бар.
Техникалық іске қосу жобаның толыққанды жұмыс істей бастағанын білдірмейді. Өңір үшін басты нәтиже — нақты өнім шығару, тұрақты жұмыс орындарын ашу және бюджетке салық түсімдерінің түсуі.
Қазір жүзеге асырылу сатысындағы және шетелдік капитал құйылған жобалардың саны — 44. Атап айтқанда: Германия инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылатын «Алатау Литий» ЖШС-нің литий өндіру және өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатының құрылысы; Қытайлық инвестиция есебінен «Алтай Темір» ЖШС-нің Тишинск су қоймасын тазалау жобасы; Самар ауданындағы «Кузьмич» ЖШС-нің балық өсіру кешенін кеңейту жобасы және басқа да бастамалар.
Инвестициялық штаб отырысында пулға енгізу үшін алты жаңа жоба қаралды. Олардың қатарында: Глубокое ауданында мыс-мырыш кенін өндіру және өңдеу жобасы (Dengbo Success Minerals); «Харвест Қазақстан» ЖШС-нің суармалы жерлерді айналымға енгізу жобасы (35 млрд теңге); Өскемен қаласында «Aurora Residence» қонақүйінің құрылысы мен жаңа өндірістерді іске қосу; Ұлан ауданындағы «Самал Тау» ЖШС-нің балық шаруашылығы кешені бар.
Облыс әкімі тапсырмасына сәйкес, инвестициялық штаб отырысын айына 1-2 рет өткізу жоспарлануда.

Новые статьи

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...