ШҚО-да қарда жүретін техникамен тауға кетіп адасқан 9 адам құтқарылды

Тоғыз туристен құралған топ таулы аймаққа қарда жүретін техникалармен сапарға шыққан. Сол топтың ішінде Зоя Қызырова есімді зейнеткердің ұлы да болған.

Тәртіп сақшыларына қоңырау шалған ол әдетте баласының кешке қарай хабарласатынын, алайда бұл жолы қоңырау шалмай, белгіленген уақытта қайтып оралмағанын жеткізді.

— Риддер қаласы полиция бөлімінің жедел кезекшісі, полиция майоры Мейрам Азтаев шұғыл түрде қажетті шараларды ұйымдастырды. Туристердің тұрғылықты мекенжайын анықтау үшін учаскелік инспекторды жіберді, төтенше жағдайлар қызметімен байланыс орнатты, өтініштің тіркелуін қамтамасыз етіп, барлық тартылған бөлімшелердің жұмысын үйлестірді, — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінен.

Полиция мен құтқарушылар спутниктік байланыс арқылы туристердің нақты орналасқан жерін анықтады. Тоғыз адамның барлығы аман-есен табылып, үсік шалу белгілері байқалған жоқ.

Оқиға орнына қажетті құрал-жабдықтармен бірнеше техника жұмылдырылып, құтқарушылар шұғыл түрде аттанды.

— Сол түні өмірімдегі ең ауыр күйзелісті бастан өткердім. Алайда полиция майоры Мейрам Аянұлының сабырлығы, сенімділігі мен адамгершілік қолдауы маған үміт сыйлады. Ол тек қызметтік міндетін атқарумен шектелмей, шынайы жанашырлық танытты. Менің он немерем бар, енді оларға полиция қызметкерлері мен олардың күнделікті ерліктері туралы үнемі айтып отырамын, — деп ризашылығын білдірді Зоя Қызырова.

Новые статьи

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...