ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 19 желтоқсанда «Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері профилактикалық мақсатта қар көшкінін түсіреді.
— Соған байланысты облыстық маңызы бар Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік тасжолының 30-37 шақырымында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Жолдың нақты қашан ашылатыны әзірге белгісіз, — делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға кеңес берді.

