Самар ауданында 2029 жылға дейін 25 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылмақ

Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездескен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

«Самар ауданының 2029 жылға дейінгі даму жоспары бойынша 16 млрд теңге бюджет қаражатын және 24,6 млрд теңге жеке инвестиция салу жоспарланған. Былтыр жеке инвестициялар есебінен Самар ауылында 300 млн теңгеге асфальт-бетон зауыты, 120 млн теңгеге түйіршіктелген жем шығаратын зауыт салынды. Аққала ауылында ильменит концентратын өндіру мен өңдеуді ұлғайту үшін құрал-жабдықтар жаңартылса, Қараткөл ауылында «Закирьянов» шаруа қожалығы 120 млн теңгеге асыл тұқымды мал сатып алды», — деді аймақ басшысы.

Осы жылы Аққала ауылында «Сәтбаев кен байыту кәсіпорны» ЖШС-ның екінші кен байыту фабрикасында 540 млн теңгеге жуық қаражатқа технологиялық процестерді басқару жүйесі автоматтандырылды. Құлынжон ауылында дүкен салынса, Сарыбел ауылында жаңа демалыс базасы ашылды.

Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданының әкіміне кіріс көздерінің резервтерін іздестіру және салық салынатын базаны кеңейту жөніндегі жұмысты күшейту міндетін қойды.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...