в

ШҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны 45 мыңнан асты

Источник фото: министерство здравоохранения РК

Шығыс Қазақстан облысында ЖРВИ-ге шалдыққандар саны артып келеді. Десе де әзірге шектеулер енгізілмеді.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, биыл өңірде жергілікті бюджет есебінен «Гриппол плюс» вакцинасының 75 мың дозасы сатып алынған. Бұдан бөлек, жұмыс берушілер мен жеке клиникалар тағы екі мың доза алған.

— Бүгінде 74 530 адам вакцина салдырды. Бұл облыс халқының 10 пайыздан астамы. Оның ішінде 72 519-ы қауіп тобына жататындар. Олардың қатарында жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, диспансерлік есептегі балалар, интернат тәрбиеленушілері, қарттар үйінің тұрғындары және созылмалы ауруға шалдыққан адамдар бар, — деді департамент басшысы Қанат Тұрдиев.

Оның айтуынша, маусымдық вирустар бойынша жағдай бақылауда.

— 1 қазаннан 17 қарашаға дейін облыста 45 937 ЖРВИ тіркелді. Науқастардың шамамен 60 пайызы — балалар. Көрсеткіштер өткен эпидемиялық маусым деңгейіне сәйкес келеді, сондықтан қосымша шектеулер енгізілген жоқ, — деді ведомство мамандары.

Зертханалық түрде расталған тұмау жағдайлары — 5. Барлығында да A/H3N2 вирусы, яғни «гонконг тұмауы» анықталған.

Тұмаудан бөлек, өңір зертханаларында өзге де респираторлық вирустар анықталып жатыр. Зерттелген 368 сынаманың 93-і оң нәтиже көрсеткен. Олар негізінен риновирус пен аденовирус.

Премьер-министр поручил обеспечить жесткий контроль за балансом топлива и перетоками нефтепродуктов

Премьер-министр поручил первым руководителям госорганов принять меры для качественной и своевременной реализации Программы по макростабилизации экономики