Бір сынып оқушыларының қанша пайызы ауырып қалса сабақ онлайнға көшіріледі?

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасынан бір сынып оқушыларының қанша пайызы ауырып қалса сабақ онлайнға көшірілетіндігін түсіндіріп берді.

Күз келіп, күн суытқанда оқушылар арасында суық тиіп, ауырып қалатындар көбейетіндігі белгілі. Бүгінде облыс мектептерінде кей сыныптарда ауырған оқушылардың көптігіне байланысты сабақ онлайн форматқа көшірілген. Осы ретте, білім басқармасынан қандай жағдайда сабақ қашықтан оқытуға ауыстырылатындығын түсіндіріп берді.
— Негізінде ЖРВИ және тұмау өршуі кезеңінде білім беру ұйымдарында уақытша шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 6-ПГСВ «Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар және COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша 2025-2026 жылдардың эпидемиялық маусымында санитариялық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы» қаулысында жазылған. Егер бір сыныпта бір инкубациялық кезең ішінде оқушылардың 20-30%-ы ЖРВИ-мен ауырса, кабинеттік оқыту тоқтатылып, 10 күн бойы бұл сыныпқа жаңа оқушылар қабылданбайды, — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Ал ауырғандар саны 30%-дан асып кетсе сынып оқушылары толықтай уақытша онлайн оқыту форматына ауыстырылады.
Әзірге білім басқармасы өңір бойынша нақты қанша мектеп сыныбы онлайн оқытуға көшірілгені туралы ақпарат бермеді.

Новые статьи

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...