ШҚО-да алаяқтар халықты алдаудың жаңа әдістерін ойлап тапты

Шығыс Қазақстан облысында интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Алаяқтар көлік жүргізушілеріне жол ережесін бұзғаны жөнінде жалған қаулылар жіберіп, өздерін энергетика компанияларының қызметкері ретінде таныстырып қоңырау шалып жатыр. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінен мәлім етті.
— Жалған хабарламалар мессенджерлер мен электронды пошта арқылы таратылады. Онда азаматтың аты-жөні мен автокөлік нөмірі секілді нақты деректер көрсетіліп, «айыппұлды төлеу» үшін арнайы сілтемеге өтуді сұрайды. Алайда сілтемеге өтіп, банк картасының деректерін енгізген сәтте алаяқтар азаматтың есепшотына толықтай қол жеткізеді. Кейбір сілтемелер құрылғыға зиянды вирустар жүктеп, жеке ақпаратты ұрлауға бағытталған, — делінген ақпаратта.
Полицейлер ресми айыппұлдар туралы хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен жіберілетінін және ешқашан төлем жасауға арналған сілтемелер болмайтынын ескертті. Айыппұлдарды тек egov.kz, qamqor.gov.kz порталдары немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады.
Сонымен қатар өңір тұрғындарына өзін «энергетикалық компания қызметкері» ретінде таныстыратындар хабарласып жатыр. Олар қысқы кезеңге дайындық аясында есептегішті тексеру қажет екенін айтып, актіге қол қоюды сұрайды. Сөйтіп телефонға келген кодты айту қажет деп тұзаққа түсіреді.

Новые статьи

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...