Зайсанде халыққа бейәдеп сөздер айтқан ауыл әкіміне айыппұл салынды

Зайсан ауданында халыққа бейәдеп сөздер айтқан ауыл әкіміне 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осыған байланысты сот ісі Зайсан аудандық сотында қаралды.
— Шілікті ауылының әкімі 6 қазанда сағат 15:00 шамасында өзінің қызметтік кабинетінде айналасындағыларға құрметсіздік танытып, бейәдеп сөздер айтқан. Сот процесі барысында өз кінәсін мойындаған ол бұл әрекетіне өкінетінін жеткізіп, көпшілік алдында кешірім сұрады, — деп хабарлады ШҚО сотының баспасөз қызметінен.
Сот шешімімен әкім ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 55 048 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Новые статьи

Казахстанские студенты создали цифровую платформу вместе с людьми с инвалидностью

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби разработали инклюзивную цифровую платформу, которая должна расширить возможности студентов с ограниченными возможностями. Проект создали во время производственной практики...

50-летие Маркакольского природного заповедника отметят с широким размахом

31 июля в Восточно-Казахстанской области состоится масштабное туристско-культурное мероприятие «Маркаколь - жемчужина Востока», посвященное 50-летию Маркакольского государственного природного заповедника. Главная цель - широкая популяризация туристического...

Марқакөл табиғи қорығының 50 жылдығы кең көлемде атап өтілмек

Марқакөл табиғи қорығының 50 жылдығы кең көлемде атап өтілмек 31 шілде күні Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының 50 жылдығына арналған «Марқакөл – шығыстың...

Астанадан Шанхайға тікелей рейстерді күзде іске қосу жоспарланып отыр

Астана мен Шанхай арасында тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр. Рейстер биыл күзде іске қосылуы мүмкін. Алғашқы кезеңде ұшақтар аптасына үш рет қатынайды, кейін...