в

ШҚО-да бәйәдеп сөздер айтқан ауыл әкіміне қатысты тексеру жүргізілмек

Әлеуметтік желіде Зайсан ауданындағы ауыл әкімі түсірілген, бейәдеп сөздер қолданылған бейнежазба тарап кетті. Бұған қатысты ШҚО әкімдігінен түсініктеме берді.

— Ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етілді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бұл материалдарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолдады. Онда қызметтік әдеп нормаларының бұзылу мәселесі қаралады. Мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Облыс басшылығы былапыт сөз қолдануға, әдепсіз қылық танытуға түбегейлі қарсы, — делінген ақпаратта.

Осы ретте, әкімдік өкілдері этикалық нормаларды бұзған мемлекеттік қызметшілерге қатаң жаза қолданылатынын ескертті.

Казахстан призвал к запуску Тюркского инвестиционного фонда и развитию цифрового сотрудничества