в

Абай облысында Ертіс өзенінің деңгейі көтеріледі

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шүлбі су қоймасына ағынның ұлғаюына байланысты Ертіс өзеніндегі су деңгейі көтеріледі.

— 14 тамыздан бастап Шүлбі СЭС-тен Ертіс өзеніне су ағызу көлемі 860 м3/с дейін ұлғайтылады. Осыдан кейін өзенде су деңгейі көтеріліп, ағын күшейіп, су температурасы төмендейді. Бұл жағалауда немесе судың жанында демалып жатқан халыққа қауіп төндіруі мүмкін, — делінген ақпаратта.

Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарға жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайтынын, ағыны қатты суға түспеуді, балаларды судың жанында үнемі бақылап жүруді ескертті.

Для регистрации больше 10 мобильных номеров на одного человека операторы будут требовать подтверждение

ШҚО-ға көрші облыстан келген адамнан 8 келіден астам марихуана мен гашиш тәркіленді