в

Өскеменде үлескерлерді алдап соққан құрылыс компанияларының 2 басшысына қатысты сот үкімі шықты

Источник фото: министерство промышленности и строительства РК

Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021-2024 жылдары аралығында айыпталушылар тұрғын үй кешенінің құрылысына рұқсат қағаздары болмаса да пәтер сату туралы жарнамалар жариялаған. Азаматтардан ақша алу үшін түрлі акциялар да ұйымдастырған.

— Халықты үй алуға қызықтыру үшін жеңілдіктер ұсынып, ұтыс ойындарын өткізген. Адамдармен үйді брондау туралы келісімшарттар жасасқан. Алайда бұл құжаттар үлестік қатысу шарттары болып саналмайды және азаматтарға тұрғын үй алу құқығын бермейді, — делінген ақпаратта.

2 айыпталушының заңсыз әрекетінен 103 адам зардап шекті. Материалдық шығын көлемі 1 млрд 800 млн теңгеден асқан. Сот жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздарын толық қанағаттандырды.

— Бір айыпталушы 7 жылға, екіншісі 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуіне де 10 жыл бойы құрылыс саласында жұмыс істеуге тыйым салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, — делінген хабарламада.

МВД: Преступные группы скотокрадов задержаны в трех регионах страны

ШҚО тұрғыны көлігіне Қызыл кітабына енген ителгіні салып бара жатқан жерінен ұсталды