в

ШҚО-дағы Бобровка ауылы халқының шағымынан соң инспекторлар аюды іздеді

Источник фото: МВД РК

Таяуда Бобровка ауылының халқы елді мекен шетіне аю кіріп кетіп, бірнеше омартаны бүлдіргенін жеткізген болатын. Сол кезде «Орман және аңшылық шаруашылығы» ММ қызметкерлері хабар түсе салысымен ауылға қарай жолға шыққан.

— Біздің инспекторлар аюды бірнеше күн бойы іздеді. Алайда аю да, оның ізі де табылмады, — дейді мемлекеттік мекеменің баспасөз хатшысы Мақсат Шакиров.

Оның айтуынша, аюлар әдетте елді мекендерге азық іздеп барып жатады.

— Қазір омарталардың көбісі жылжымалы болып келеді және оларды ауылға жақын орналастырып жатады. Аю сол бал иісіне қарай келуі де мүмкін, — дейді М.Шакиров.

Өскеменде салмағы 6 келіден асатын алып қыз туды

ШҚО-да жаңа оқу жылында оқушылар мектепке бұрынғы сабақ кестесі бойынша барады