ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл өте сирек кездесетін жағдай. Әйел Өскемендегі Ана мен бала орталығында босанған.
— Салмағы 6045 грамм болатын қыз бала дүниеге келді. Осындай салмақтағы нәрестелер тым сирек. Бұл тек ата-ана үшін ғана емес, босандыруға қатысқан бүкіл медицина қызметкерлері үшін үлкен қуаныш болды, — дейді орталық дәрігерлері.
Абырой болғанда, бәрі сәтімен өткен. Ана мен шақалақ өздерін жақсы сезінеді. Әзірге алып қызға есім қойылмаған.
— Өте қуаныштымыз. Менде бәрі жақсы. Ана мен бала орталығының ұжымына мың алғыс! , — дейді анасы.