в

Шығыс Қазақстанда жол апатына түскен көлік аударылып қалды

5 тамыз күні Риддер қаласында екі жеңіл көлік соқтығысты.

— Әуезов пен Клинка көшелерінің қиылысындағы қосалқы жолдағы «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі басты жолда қозғалып келе жатқан ВАЗ-2114 көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысып қалды. Соқтыдан кейін ВАЗ көлігі аударылып түсті, — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол апатына кінәлі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.

Өскеменде терезеден құлаған 4 жасар баланың жағдайы қалай?

Усть-Каменогорская и Риддерская ТЭЦ перешли из «красной» зоны в «желтую»