Еске салсақ, оқиға таяуда Жібек маталар комбитаты ықшам ауданындағы Көкжал Барақ көшесінде болған. Үйде қараусыз қалған төрт жасар қыз терезеден құлап кеткен. Бүлдіршін түрлі дене жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
— Бала әуелі жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Ана мен бала орталығының дәрігерлері қажетті ем көрсетіп жатыр, — деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері өңір бойынша 7 бала терезеден құлап кеткен.