ШҚО-да өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу саласында қытайлық компаниямен меморандумға қол қойылды

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Қытайдың Guangdong Huaxintao Group Co., Ltd. компаниясы арасында тау-кен және металлургия өнеркәсібінің қатты минералды қалдықтарын экологиялық таза кәдеге жарату және қайта өңдеу жобасын жүзеге асыру бойынша бес жылдық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

— Жоба аясында өндірістік қалдықтарды қайта өңдеп, пайдалы компоненттерді алу үшін заманауи технологияларды енгізу көзделген. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, Шығыс Қазақстан минералды ресурстарға бай өңір, сондықтан мұндай бастамалар экологиялық мәселелерді шешуге және орнықты «жасыл» экономиканы құруға бағытталған маңызды қадам, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Тараптар жобаны халықаралық стандарттар мен Қазақстан заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға келісті. Меморандумда жергілікті мамандарды басымдықпен жұмысқа алу, инфрақұрылымды дамыту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне ерекше көңіл бөлінген.

Қытайлық әріптестердің жабдықтары мен технологиялары қоршаған ортаға техногендік жүктемені азайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Новые статьи

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...