Осинов асуындағы айналма жол салынып бітуге таяу

Шығыс Қазақстандағы ең көрікті туристік жерлер – Бұқтырма мен Катонқарағайға апаратын Осинов асуын айналып өтетін жол құрылысы 1 қыркүйекке дейін аяқталмақ.

Халық аяқталуын 9 жылға жуық уақыт күткен жоба мәресіне жетуге таяу. Алайда жолдағы көлік қозғалысы ондағы көпір құрылысы аяқталған соң ғана ашылады.

Жол құрылысы 2017 жылы басталып, 3 жылда аяқталады деп жоспарланған еді. Алайда орман қорына тиесілі жер телімдерін рәсімдеудегі қиындықтарға байланысты мердігер компания жобаны іске асырудан бас тартты. Кейін инфляция, жобадағы өзгерістер мен ұзаққа созылған келісімдер жолды облыстағы ең ұзаққа созылған құрылысқа айналдырды. Тұралап қалған құрылыс жұмыстары тек 2023 жылдың қарашасында қайта жанданды.

— Қазір жұмыс екі учаскеде — 56-72 шақырым және 72-88 шақырым аралығында жүріп жатыр. Бірінші учаскеде асфальт төселіп бітуге жақын, екіншісінде жұмыстар енді басталды. Барлық техника мен жұмыс күші сонда жұмылдырылған. Нақты айтқанда, 90-ға жуық техника мен 70-тен астам маман бар, қаржыландыру тұрақты, — деді «ҚазАвтоЖол» АҚ ШҚО филиалының директоры Нұрбек Темірханов.

Жобаның ең күрделі бөлігі — Пихтовка шатқалынан өтетін көпір құрылысы. Оның ұзындығы — 175 метр, ал тіреуіш биіктігі — 42 метр. Бұл Қазақстандағы ең биік көпір болмақ.

— Бұл елімізде баламасы жоқ инженерлік құрылым. Құрылыс биік таулы жерде, құбылмалы ауа райы жағдайында жүргізіліп жатыр. Барлық қауіпсіздік ережелері сақталған. Қазір тіреуіштерге арналған шұңқырлар қазылып, іргетастың төменгі бөлігіне бетон құйылып жатыр. Сонымен қатар гидрооқшаулау және қайта көму жұмыстары жүргізілуде. 8 тіреуіштің 6-ы бойынша жұмыс істелып жатыр, — деді мердігер компания өкілі Бейсенәлі Орынбеков.

Оның айтуынша, ауа райы қолайлы болса, негізгі құрылыс жыл соңына дейін аяқталады.

Көпір құрылысы — үнемі сапа бойынша ерекше бақылауда тұратыны белгілі. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы ШҚО филиалының мамандары бетон сапасын жіті тексеруде. Сондай-ақ жол жамылғысы да мұқият қадағалауға алынған.

— Құрылыс барысына жеті рет тексеру жүргізіліп, әртүрлі маркалы бетоннан 17 сынама алынды. Екі ескерту беріліп, қазір мердігер солар бойынша тиісті шаралар қабылдап жатыр. Жұмыстың әр кезеңі бақылауда. Бір учаске дайын болған сәтте зертхана мамандары сонда шығып, сынама алады. Егер қандай да бір талапқа сәйкессіздік анықталса — мердігер өз есебінен бәрін қайта жасайды. Бұл — уақытты үнемдеу әрі сапа кепілдігі үшін, — деді филиал директоры Ержан Аязбаев.

Бұл жол Өскеменді — Катонқарағай, Үлкен Нарын, Алтай және Глубокое аудандарымен байланыстырып тұр. Жаз кезінде жолмен тәулік сайын 20 мыңға жуық көлік жүреді.

— Жаңа жол — көлік қатынасын жақсартумен қатар, туризмнің дамуына серпін береді. Жол бойында санитарлық тораптар орнатылмақ. Олардың тазалығы бақылауда болады, — деген еді таяуда ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов туризм саласы бойынша өткен жиналыста.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, 2023-2024 жылдары жобаға 7,9 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылға 5,3 млрд теңге жоспарланған. Оның 6,2 млрд-ы екінші учаскеге жұмсалмақ.

— Жұмыстар кестеге сәйкес жүріп жатыр. Биыл жол жамылғысы мен көпірді толық аяқтаймыз. Жолды қараша айына пайдалануға беру жоспарланған, — деді Нұрбек Темірханов.

Егер жұмыстар жоспарға сай аяқталса, алдағы қысқа қарай халық Шығыс Қазақстанның ең көрікті жерлеріне жаңа, қауіпсіз жолмен жетеді.

Новые статьи

Международный валютный фонд отметил устойчивость экономики Казахстана

Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов провел встречу с главой миссии международного валютного фонда по Казахстану Аминой Лареш. Она приступила к работе на этой должности в...
00:06:31

Гимнастки из Усть-Каменогорска вошли в число сильнейших на чемпионате Азии

Команда Space из Усть-Каменогорска достойно представила Восточно-Казахстанскую область на Кубке мира и чемпионате Азии по эстетической групповой гимнастике, которые проходят 13–14 июня в Астане. В...

В Восточном Казахстане определили победителей конкурса «Лучший товар Казахстана – 2026»

В Усть-Каменогорске состоялся региональный этап конкурса-выставки «Лучший товар Казахстана – 2026», объединивший ведущие предприятия Восточно-Казахстанской области. Участники представили продукцию пищевой, легкой и строительной промышленности,...

В Усть-Каменогорске проходят ежегодные региональные конкурс-выставки «Лучший товар Казахстана – 2026» и «Одно село – один продукт»

На выставочной площадке региона собрали местных производителей, предпринимателей, ремесленников и проекты, которые показывают бизнес ВКО. За стендами – реальные товары, рабочие производства и люди,...