Шығыс Қазақстанда 17 мыңнан астам адамға үй салуға жер берілді

Өңір бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алуға өтініш бергендер саны артып келеді. Бүгінде барлығы кезекте 44760 адам тұр. Бұл туралы ШҚО Жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәулет Сарманов мәлім етті.

— ҚР Жер кодексінің 44-бабына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген жер учаскелері ғана беріледі. Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана рұқсат етілген. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері арнаулы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады, — деді ол.

Қазір Шығыс Қазақстанда барлығы 17239 адамға жер учаскесі берілді. Қала, аудандарға бөліп айтар болсақ:

  • Алтай ауданы – 588 учаске;
  • Глубокое ауданы – 471 учаске;
  • Зайсан ауданы – 789 учаске;
  • Катонқарағай ауданы – 194 учаске;
  • Күршім ауданы – 155 учаске;
  • Самар ауданы – 160 учаске;
  • Тарбағатай ауданы – 72 учаске;
  • Ұлан ауданы – 475 учаске;
  • Шемонаиха ауданы – 325 учаске;
  • Риддер қаласы – 640 учаске;
  • Өскемен қаласы – 13370 учаске;

— Арнаулы есепке қою кезінде азаматтың жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі. Ол туралы мәліметтер мемлекеттік корпорациядан сұратылады. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін олардың өтініштерін арнаулы есепке қоймай беруге тыйым салынады, — деді Дәулет Сарманов.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...

Жители ВКО получили государственные награды ко Дню Республики

В Усть-Каменогорске в преддверии Дня Республики вручили государственные награды жителям Восточно-Казахстанской области. Ордена, медали и почетное звание получили представители промышленности, сельского хозяйства, медицины, образования,...

Касым-Жомарт Токаев подвел обозначил приоритеты развития Казахстана накануне Дня Республики и 35-летия Независимости

В Казахстане накануне Дня Республики прошло торжественное мероприятие, в ходе которого президент Касым-Жомарт Токаев напомнил о ключевых этапах становления государственности, рассказал об экономических и...

В Казахстане введут автоматизированный учет медицинских допусков водителей

В Казахстане планируют автоматизировать учет медицинских заключений, необходимых для управления транспортными средствами. Министерство здравоохранения подготовило проект приказа, который определяет единый порядок регистрации и обновления...