Шығысқазақстандықтар ел бойынша жеке гигиена құралдарына ең аз ақша жұмсайды

Өткен жылы елдегі үй шаруашылықтарының жеке гигиена тауарларына жұмсалған шығындары жылына орта есеппен бір отбасына 80,8 мың теңгені құрады. Бұл бұдан бір жыл бұрынғыға қарағанда 7,8%-ға артық.

Жеке гигиена тауарларына көбінесе Маңғыстау облысының тұрғындары шығындалды. Олар жылына бір үйге 111,1 мың теңге кетірді, бұл бір жыл бұрынғыдан 12,9%-ға немесе ел бойынша орташа көрсеткіштен 37,6%-ға артық. Аталмыш шығындар бойынша екінші және үшінші орындарда Атырау облысы (үй шаруашылығына 107,7 мың теңге, жылдағы өсім 4,1%) және Шымкент (102 мың теңге, өсім 12%) орналасқан.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жеке гигиена тауарларына ең аз ақша жұмсайды — бір отбасына орта есеппен 57,3 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3%-ға көп және орташа статистикалық қазақстандық отбасыға қарағанда 29,1%-ға аз. Сондай-ақ Абай (57,3 мың теңге) және Батыс Қазақстан (60,9 мың теңге) облыстарының тұрғындары гигиеналық заттарға аз ақша құртады

Баға сегментінде тұрақты және айтарлықтай өсім байқалады деп күтіліп отыр. Осы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жеке гигиена тауарларының бағасы жылдық мәнде 6%-ға өсті. Оның ішінде, дәретхана сабыны — 10%, тіс пастасы — 8,6%, балалар сабыны — 8,2%, көбік және қырыну гелі — 6,8%, дәретхана қағазы — 6,1%, сусабын — 4,6% қымбаттады.

Өңірлер бөлінісінде бағаның ең жоғары жылдық өсімі Қызылорда (12,1%-ға), Шығыс Қазақстан (10,8%-ға) және Ақмола (9,4%-ға) облыстарында байқалды. Ең аз өсім Павлодар (1,6%-ға), Алматы (2,4%-ға) және Ұлытау (3,3%-ға) облыстарында тіркелді.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...