в

Семейде мүгедектігі бар 700-ден астам азаматтың құқығы қалпына келтірілді

Семей қаласының прокуратурасы «инватакси» қызметін көрсету бойынша мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың бұзылу фактісін анықтады.

Мердігер ұйым тәулік бойы қызмет көрсету туралы міндетті талаптарға қарамастан, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тасымалдауды тек сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін жүзеге асырған. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтардың уақтылы көлік көмегін алу құқықтарын шектеді.

Прокуратураның араласуының нәтижесінде мердігермен жасалған шарттың талаптары мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес қалыпқа келтірілді. Қазіргі уақытта «инватакси» қызметі тәулік бойы, үзіліссіз және демалыссыз көрсетіліп жатыр.

Осылайша, қабылданған шаралардың арқасында мүмкіндігі шектеулі 714 азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Ал жергілікті атқарушы органның жауапты қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО-дағы ауыл тұрғындары хлорлы су ішуге мәжбүр болды

В Усть-Каменогорске активно ведётся благоустройство нового пляжа