Шығыс Қазақстанда Президент Жолдауының мәні мен міндеттері талқыланды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және оны өңір деңгейінде іске асыру тетіктерін талқылауға арналған кеңес өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев арнайы қатысып, Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық бағыттардың мәні мен алға қойылған міндеттерді жан-жақты түсіндірді.

Кездесуді ШҚО әкімінің міндетін атқарушы Жақсылық Мұқашұлы Омар жүргізді. Ол өз сөзінде Президент Жолдауының жаңа тарихи жағдайда мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдары мен идеологиялық негізін айқындайтын маңызды құжат екенін атап өтті.

Мәлік Отарбаев өз баяндамасында өңірлік даму мәселелеріне және Жолдаудағы тапсырмаларды сапалы орындаудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтіп, тек технология мен цифрландыру емес, сонымен қатар ұлттық тарих, рухани құндылықтар мен мәдени мұра туралы да сөз қозғады. Президент бастамаларының өзегінде – адам капиталы, қоғамның рухани жаңғыруы және мәдени бірегейлікті сақтау бар екенін айтты.

Шығыс Қазақстан облысы бүгінде әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан оң серпін көрсетіп отыр. Биыл негізгі капиталға салынған инвестициялар 16%-ға, құрылыс көлемі 11%-ға, ауыл шаруашылығы өнімдері 1%-ға өскен. Бюджет кірістері 12%-ға артып, 177 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, орташа жалақы 9%-ға өсіп, 407 мың теңгені құрады.

Аймақтың көлік-логистика және туристік әлеуетін арттыру мақсатында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда: Бұқтырма көпірі пайдалануға беріліп, Катонқарағай мен Зайсан аудандарында жаңа әуежайлар құрылысы жүріп жатыр.

Жиын барысында Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов пен Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Айдар Итжанов жергілікті деңгейде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Қорытынды сөзінде Мәлік Отарбаев Президент тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтіп, қатысушыларды Мемлекет басшысының «Адал азамат», «Адал еңбек», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» идеяларын жүзеге асыру жолында бірлік пен ынтымақты нығайтуға шақырды.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...