Аягөзде 18 жастағы мерзімдегі сарбаз мерт болды

Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 19 мамырда Аягөз қаласының орталық аудандық ауруханасында мерзімді әскери қызметші бактериалды менингиттің гипертоксикалық түрінен қайтыс болды.

— 16 мамыр күні кешке сарбаз әлсіздік және дене қызуының көтерілуі шағымдарымен Аягөз әскери госпиталіне жатқызылды. Бастапқы тексеруден және емдеуден кейін жағдайы жақсармаған. 17 мамырда қосымша тексерулер жүргізіліп, соның қорытындысы бойынша науқас одан әрі емделу үшін Аягөз орталық аудандық ауруханасына жіберілді, — делінген ақпаратта.

18 мамырда әскери қызметкердің жағдайы күрт нашарлады. Дәрігерлер жансақтау шараларын жасағанымен оны аман алып қала алмаған.

Сарбаз 2025 жылдың 25 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысынан әскери қызметке шақырылған. Ол бір айға жуық уақыт қана әскери борышын өтеп үлгерді. Оның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

— Құрлық әскерлері қолбасшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі, — делінген хабарламада.

Новые статьи

Жители ВКО получили государственные награды ко Дню Республики

В Усть-Каменогорске в преддверии Дня Республики вручили государственные награды жителям Восточно-Казахстанской области. Ордена, медали и почетное звание получили представители промышленности, сельского хозяйства, медицины, образования,...

Касым-Жомарт Токаев подвел обозначил приоритеты развития Казахстана накануне Дня Республики и 35-летия Независимости

В Казахстане накануне Дня Республики прошло торжественное мероприятие, в ходе которого президент Касым-Жомарт Токаев напомнил о ключевых этапах становления государственности, рассказал об экономических и...

В Казахстане введут автоматизированный учет медицинских допусков водителей

В Казахстане планируют автоматизировать учет медицинских заключений, необходимых для управления транспортными средствами. Министерство здравоохранения подготовило проект приказа, который определяет единый порядок регистрации и обновления...

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...