Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықпен күреске бағытталған ерекше акцияны қолға алды. Енді жергілікті сүт өнімдерінің қаптамаларында «Стоп, алаяқ!» деген жазуы бар QR-кодтар орналастырылып жатыр.
Аталған кодты сканерлеу арқылы тұтынушылар интернет-алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдары, күдікті қоңыраулар кезінде не істеу керектігі және облыстық Полиция департаментінің ресми сайты туралы пайдалы ақпарат ала алады.
— Біз маңызды ақпаратты әр отбасыға күнделікті тұтынатын тауарлар арқылы жеткізгіміз келді. Бұл – қарапайым, ыңғайлы әрі тиімді тәсіл, — деді ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Данияр Қамалханов.