в

Шығыс Қазақстанда әйел енесінің атынан несие алып келген

Источник фото: министерство труда и соцзащиты РК

Шығыс Қазақстан облысында әйел адам білдіртпей енесінің атынан 2 жарым млн теңге несие алды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 28 жастағы әйелге алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

— Ол әлеуметтік жәрдемақы ресімдеймін деп алдап, енесінің биометриялық және жеке деректерiн банктік мобильді қосымшада пайдаланған. Осылайша, 2,5 млн теңгеден астам сомаға бірнеше несие алған, — делінген ақпаратта.

Сот шешімімен айыпталушы екі жылға бас бостандығын шектелді. Алайда әйел пробация қызметінің есебінде тұрған кезде тәртіпті сақтамай келді. Нақты айтқанда, тексеру кезінде тұрғылықты жерінде болмай, электронды бақылау құралын киюден бас тартқан.

Соған байланысты оның жазасы бас бостандығынан айыруға қатаңдатылды.

Жару прогнозируют в ВКО

В областной библиотеке им. А.С.Пушкина состоится вечер памяти, посвященный 80-летию Канипы Битибаевой