Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімдер арасында түсік жасатқандары саны біршама азайған. Мамандардың айтуынша, биыл 14 жасанды түсік жасалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай аз.
Осы ретте, жасөспірімдер арасындағы туу көрсеткіші өткен жылғы деңгейде қалып отыр.
— Жасөспірімдер арасында жүкті болу санының артқаны байқалады. Бүгінде 14 мыңнан астам қыз бала тіркеуде тұр, — дейді ШҚО бас акушер-гинекологы Марат Көксегенов.
Айта кетейік, өңір бойынша жүкті болған жасөспірімдер саны жағынан Риддер, Алтай және Шемонаиха қалалары алдыңғы қатарда тұр.