Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастамасымен өңірдегі тасжолдардың бірқатар учаскелеріне жарық сигналды стробоскоптар орнатылуда. Бұл жұмыс «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жүзеге асырылуда.
— Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар 12 тасжол учаскесі осындай құрылғылармен жабдықталды. Жарық сигналды стробоскоптар жүргізушілердің назарын әлеуетті қауіпті аймақтарға аударуға арналған және Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға ықпал етеді, — делінген облыстық ПД ұсынған ақпаратта.
Жарық сигналды құрылғыларды орнату әсіресе қараңғы уақытта және қолайсыз ауа райы жағдайында тиімді. Бұл жол-көлік оқиғаларының қаупін едәуір төмендетеді.