в

Өскемен тұрғынының атына 7 шағын несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс орталығының тұрғыны танымал мессенджерлердің бірінде алаяқтың құрбаны болған. Белгісіз біреу оның телефонына келген кодты айтқызып, атына жалпы сомасы 800 мың теңгеден астам 7 несие рәсімдеген.

— Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, — делінген ақпаратта.

Осы ретте, Полиция департаменті азаматтарды бірреттік кодтарды, құпия сөздер мен жеке деректерді бөгде адамдарға айтудың қауіпті екенін ескертеді.

В Усть-Каменогорске на этой неделе начнут отключать отопление

У каждого пожара есть свой след — о работе дознавателей в чрезвычайных ситуациях