в

ШҚО әкімдігі 160 млн теңгеге қызметтік көліктер не үшін керектігін түсіндірді

Cars parked at a parking lot

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік органдарға қызметтік көлік сатып алу туралы ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жалпы сомасы 160 млн теңге болатын бұл сатып алуларға қатысты облыс әкімдігі түсініктеме берді.

Өңір әкімдігі мәліметіне сүйенсек, автокөлік сатып алу бюджет жоспарларына және автопаркті жаңарту қажеттілігіне сәйкес жүргізіліп отыр.

— Бұл қаражат 2024 жылы бекітілген. Кейбір жағдайларда көлік сатып алу жаңадан құрылған аудандарды қажетті техникамен қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Мәселен, Өскемен қаласында әкімдік үшін екі жаңа көлік алынып жатыр, себебі қолданыстағы техниканың тозуы байқалған. Қүршім ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жаңа көлік сатып алынды. Өйткені бұрынғысы істен шыққан. Жаңадан құрылған Марқакөл ауданына жеті көлікке қаржы бөлінсе, Катонқарағай ауданындағы мемлекеттік архивке бір қызметтік көлік алу жоспарланған, — делінген ақпаратта.

Сонымен қатар сатып алулар заң аясында жүргізілетіні мәлім етілді.

— Конкурстар жарияланып, экономикалық тұрғыдан негізделген ұсыныстар ескеріледі. Кейбір жағдайларда жеткізушілердің болмауына байланысты тендерлер қайта өткізілген. Бұл қызметтік көліктер шалғай аудандардағы халықпен жедел байланыс орнату үшін қажет, — делінген хабарламада.

Абай облысында әйел мен жаңа туған нәресте көз жұмды

Ученики одной из школ Усть-Каменогорска поблагодарили акима области за организацию workshop-площадки