Өскемендіктер үй жанындағы мектепте орын жоқтықтан балаларын алысқа таситындықтарына шағымданды

Қаладағы 19-тұрғын аудан — құрылыс жұмыстары ең қарқынды жүргізіліп жатқан аумақтардың бірі. Жаңа үйлерге көбіне жас отбасылар қоныс аударып жатқандықтан мұндағы мектептер оқушыларға лық толып кеткен. Сондықтан ата-аналар баласын мектепке берерде он ойланып, жүз толғанады.
Бұрын №46 мен №48 мектеп болған. Содан соң №40 және №41 мектептер салынды. Алайда бұл мәселені түпкілікті шешпеді.
— Біз №46 мектепке жақын тұрамыз. Бірақ «онда бала көп екен» деген сөз жүрді. Соған байланысты біразымыз алыс болса да, басқа мектепке баруды ұйғардық. Себебі бала тым көп болса оқу сапасы нашарлайды. Әсіресе вирустық инфекциялар тараған сәтте уайым күшейеді, — дейді Есенберлин даңғылында тұратын ата-аналардың бірі.
Ал кейбіреулер керісінше мекенжай бойынша алыстағы мектепке баруы тиіс екен.
— Биыл баламды қай мектепке беремін деп бір ай жүрдім. Тұрғылықты мекенжайымыз бойынша №41 мектепке баруымыз керек екен. Бірақ ол бізге алыс. Сол үшін бала саны көп болса да, жақынырақ тұрған №46 мектепке бердім, — дейді Әйгерім есімді шағын аудан тұрғыны.
Ата-аналардың шағымынан кейін №46 орта мектебінің директорымен кездесіп, мәселенің мән жайын сұрап көрдік.
— №46 мектептің жобалық сыйымдылығы — 1000 орындық. Қазір мектепте екі ауысымда 2000 бала сыйып тұр, ал жалпы оқушы саны – 2387. Яғни 387 бала артық. Бірақ бастауыш сыныптардың сыртқа шығатын бөлек есігі бар, балалар бір-бірімен шоғырланып араласпайды. Сабақ кестелері дұрыс ұйымдастырылған, — деді мектеп директоры Гулфарида Ауғанбаева.
Оның айтуынша, Өскемендегі 19-шы тұрғын ауданда көпбалалы отбасыларға берілген үйлер көп. Сол үйлердегі балалардың басым бөлігі осы білім ордасына келеді.
— Былтыр мектебімізде 2680 оқушы болды. 412 бала екі жаңа мектепке ауысты. Ал Әл-Фараби көшесіндегі екі үйдің балаларымен қосылып, биылғы оқушы саны 2387 болды, — деді мектеп басшысы.
Осы ретте, ШҚО Білім басқармасына да хабарласып көрдік. Белгілі болғандай, №46 мектепте 1-сыныпта жалпы саны 13 сынып бар. Ал осы шағын ауданда жаңадан ашылған екі мектепте 1-сыныптан 5-6 сынып оқиды.
— №40 және №41 мектептердің ашылуы №46 мектептің жүктемесін азайтты. Жалпы қала бойынша сыйымдылығынан асып кеткен 4 мектеп бар, олар 825 орынға артық бала қабылдап отыр, — делінген басқарма жауабында.
Ата-аналардың жаңа мектептерге көшуге деген ынтасы жоғары болған. Соның нәтижесінде биыл пайдалануға берілген 600 орындық №40 орта мектепте 1083 оқушы, ал дәл сондай қуаттылықтағы №41 мектепте 905 оқушы білім алып жатыр.

P/s: Қорыта айтқанда, 19-шағын ауданда жаңадан салынған мектептер лезде балаға толып кетті. Сонда да №46 мектептегі оқушы саны сыйымдылығынан асып отыр. Ал құрылысы қарқынды ауданға көшейін деп буынып-түйініп отырған отбасылар әлі де аз емес. Демек, мұнда тағы жаңа мектептердің салынуы құба-құп.

Новые статьи

Международный валютный фонд отметил устойчивость экономики Казахстана

Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов провел встречу с главой миссии международного валютного фонда по Казахстану Аминой Лареш. Она приступила к работе на этой должности в...
00:06:31

Гимнастки из Усть-Каменогорска вошли в число сильнейших на чемпионате Азии

Команда Space из Усть-Каменогорска достойно представила Восточно-Казахстанскую область на Кубке мира и чемпионате Азии по эстетической групповой гимнастике, которые проходят 13–14 июня в Астане. В...

В Восточном Казахстане определили победителей конкурса «Лучший товар Казахстана – 2026»

В Усть-Каменогорске состоялся региональный этап конкурса-выставки «Лучший товар Казахстана – 2026», объединивший ведущие предприятия Восточно-Казахстанской области. Участники представили продукцию пищевой, легкой и строительной промышленности,...

В Усть-Каменогорске проходят ежегодные региональные конкурс-выставки «Лучший товар Казахстана – 2026» и «Одно село – один продукт»

На выставочной площадке региона собрали местных производителей, предпринимателей, ремесленников и проекты, которые показывают бизнес ВКО. За стендами – реальные товары, рабочие производства и люди,...