ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінен ұзақ жыл бойы жасырынып жүрген қылмыскер ұсталды.
— 32 жастағы әйел алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған. Ол құқық қорғау органдарынан 14 жыл бойы жасырынып келді. Полицейлер оны Алматы қаласынан тапты. Қазіргі уақытта әйел адам сол жақтағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері тәртіп сақшылары іздестіру шаралары барысында бес қылмыскерді ұстаған. Олардың екеуі бұрын жасаған қылмыстары үшін іздеуде болған.