Өскеменде 78 жастағы кейуана алғаш рет жеке куәлік алды

Өскемен қаласында тұратын 78 жастағыТамара Бочкарёва алғаш рет Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алды. Біраз жыл бойы ол бұл құжатты қажет етпеген. Алайда зейнетақы рәсімдеу кезінде онсыз мүмкін еместігі анықталған. Осыған байланысты ол көмек сұрап көші-қон қызметіне жүгінген.

— Полиция қызметкерлері құжат рәсімдеудің барлық кезеңінде оған қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, тексерулер жүргізіп, тиісті мекемелерге сұрау жолдап, барынша қолдау көрсетті. Барлық рәсім аяқталғаннан кейін, 2025 жылдың ақпан айында Тамара Никитична өзінің алғашқы жеке куәлігін алды, — деп хабарлады облыстық ПД.

2025 жылдың басынан бері Көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелері азаматтарды құжаттандыру және тіркеу жұмыстарын белсенді жүргізуде. Облыс бойынша жеке куәлік жасауға 6 799 өтініш қабылданып, оның ішінде 27 өтініш өздігінен қозғала алмайтын және өзіне қызмет көрсету қабілетінен айырылған жандардан түскен.

Новые статьи

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...