ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен қаласында бетпердемен бет-әлпетін жасырған жігіт автокөлік бөлшектерін сататын дүкеннің бірінші қабатындағы есік шынысын сындырып, ішке кірген. Ол жерден ақша мен тиын салынған контейнерлерді ұрлап кеткен.
Белгілі болғандай, ер адам ақшаның қайда сақталатынын алдын ала білген. Себебі бұған дейін дүкенге бірнеше рет кулерге су жеткізген.
— Қолда бар мәліметтер бойынша ұрланған ақшаның сомасы шамамен 600 мың теңгені құрайды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, ұрланған ақшаның бір бөлігін қайтарды. Қазір қылмыстық іс қозғалған. Күдікті 2-ден 7 жылға дейін бас бостандығын айырылуы мүмкін, — делінген ақпаратта.