ШҚО-да 117 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Облыстық Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, өңір халқына мал шаруашылығымен айналысу үшін 69,9 мың гектар жайылымдық жер қажет.

— 2024 жылы мемлекетке пайдаланылмай бос жатқан 117 мың гектар жер қайтарылды. Осының нәтижесінде, азаматтардың жайылымдық жер қажеттілігі толықтай өтелді. 67 мың гектар жер пайдаланушылардың өз еркімен бас тартуымен, 35 мың гектар жалдау мерзімінің аяқталуымен, 3,3 мың гектар жергілікті атқарушы органдардың шешімдерін жоюымен, 2,4 мың гектар жер сот шешімі арқылы қайтарылған, — дейді басқарма басшысы Надежда Михейлис.

Оның айтуынша, «Жайылымдар туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарлары жергілікті бюджет есебінен әзірленеді.

— Облыстың геопорталы арқылы жер учаскелерінің кадастрлық құнын анықтау, инженерлік желілер карталарын көру, атмосфералық ауаның жағдайын онлайн бақылау, экология және қылмыс деректерімен жұмыс істеу мүмкіндіктері қамтамасыз етілген. Геопортал әртүрлі мемлекеттік деректер базаларымен біріктірілген. Бұл жер қорының басқару жұмысын тиімді етеді, — деп түсіндірді Надежда Михейлис.

Новые статьи

Касым-Жомарт Токаев подвел обозначил приоритеты развития Казахстана накануне Дня Республики и 35-летия Независимости

В Казахстане накануне Дня Республики прошло торжественное мероприятие, в ходе которого президент Касым-Жомарт Токаев напомнил о ключевых этапах становления государственности, рассказал об экономических и...

В Казахстане введут автоматизированный учет медицинских допусков водителей

В Казахстане планируют автоматизировать учет медицинских заключений, необходимых для управления транспортными средствами. Министерство здравоохранения подготовило проект приказа, который определяет единый порядок регистрации и обновления...

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...