Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Семей қаласында полицейлер салмағы 500 грамнан астам психотроптық зат – «мефедронды» тәркіледі. Бұл шамамен 1 500 бірреттік дозаға тең. Оның қара нарықтағы құны 20 млн теңгеден асады.
— Есірткі саудасымен айналысқан 26 және 28 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар интернет-дүкен арқылы өздеріне клиент тауып отырған, — делінген ақпаратта.
Осылайша, есірткі арнасы жойылды. Тәркіленген есірткі жыл көлемінде Абай облысындағы ең ірі есірткі партиясы болып отыр.