ШҚО құтқарушылары отшашу атқан кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді

ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтың айтуынша, Жаңа жыл мерекесі кезінде отшашу атпақ болған адамдар қарапайым қауіпсіздік шараларын ұмытып жатады. Кейбіреулер мерзімі өткен пиротехникалық өнімдер мен петардаларды қолданады.

— Отшашуларды тек өнімнің сақталуын қамтамасыз ете алатын, күн сәулесі мен жауын-шашын түспейтін жерде сатып тұрған дүкендер мен павильондардан алу қажет. Пиротехникалық өнімдер саудаланатын орындар өрт дабыл жүйесі мен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс, — деді ол.

Отшашуды ату үшін дұрыс орын таңдау маңызды. Бұл кең әрі ашық алаң болуы керек. 50 метрдей радиуста ғимараттар, көліктер және басқа да өртену қаупі бар объектілер болмауы тиіс.

Адамдар отшашудан кемінде 35-50 метр қашықтықта тұруы қажет. Отшашуды ғимарат ішінде және үй-жайда қолдануға тыйым салынады. Қатты желде де отшашуды атуға тыйым салынады. Атылған кезде отшашудың үстінен еңкейіп қарауға болмайды. Балаларға пиротехниканы қолдануға қатаң тыйым салынған.

Новые статьи

В Курчумском районе более 850 детей занимаются в спортивной школе

Районная многопрофильная детско-юношеская спортивная школа Курчума работает с 1969 года. Сегодня здесь тренируются более 850 детей, а занятия по десяти видам спорта проводят 29...

Глава государства наградил победителей и призеров VI Всемирных игр кочевников

На торжественном мероприятии, состоявшемся во Дворце Независимости, Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил спортсменов и тренеров с ярким выступленим на Всемирных играх кочевников. По его словам,...

В Курчумском районе построят 30 квартир для многодетных и социально уязвимых семей

В Курчумском районе в 2026 году по программе «Одноэтажный Восток» планируют построить 15 одноэтажных домов общей вместимостью 30 квартир. Жилье предназначено для многодетных семей...

В Курчумском районе два села пока остаются без интернета

В Курчумском районе интернетом охвачены 19 из 21 населенного пункта. Доступ к сети имеют 97,3% населения, однако жители сел Топтерек и Ушбулак пока остаются...