ШҚО-да жасанды қар көшкіні түсірілді

Шығыс Қазақстан облысындағы тауда жарылыс жасалып, қар көшкіні түсірілді.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкінінің алдын алу үшін тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатыр.

Соның нәтижесінде, Өскемен-Самар тасжолындағы тау беткейлерінде қардың көп жиналып қалғаны және жел жылдамдығы көбейсе көшкін жүру қаупі бар екендігі анықталды.

— Соған байланысты аталған тасжол учаскесінде профилактикалық қар көшкіні түсірілді. Барлығы 3 рет жарылыс жасалып, таудан 890 шаршы метр қар массасы түсті, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар қалың қар жауса 3-5 күн ішінде, қатты жел соғып тұрғанда және аяздан кейін күн жылытып кеткенде таулы жерлерге барудан бас тартуға кеңес берді. Себебі ондай уақытта қар көшкіні жүру қаупі күшейе түседі.

Новые статьи

Сенат одобрил проект административной амнистии

Сенат Казахстана одобрил проект закона «Об амнистии в связи с принятием новой Конституции Республики Казахстан», а также сопутствующие поправки в Кодекс об административных правонарушениях...

Өскемендегі Ертіс көпірін жөндеу жұмыстары тағы да кейінге шегерілді

Өскемен қаласындағы Ертіс көпірін жөндеу жұмыстарының нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз. Бұған дейін жөндеу маусым айында қолға алынады деп жоспарланғанымен, ай соңына дейін құрылыс...

Алтай ауданында ер адамнан бес млн теңгеден астам алимент қарызы өндірілді

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданының прокуратурасы балалардың құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау барысында алимент төлеуден қасақана жалтару дерегін анықтады. Қадағалау органының мәліметінше, аудан тұрғыны 2019 жылдан...

В Восточном Казахстане сохранится чрезвычайно жаркая погода

Начало июля не принесет жителям Восточно-Казахстанской области долгожданной прохлады. В ближайшие дни с прохождением активного циклона и атмосферных фронтов на большей части территории Казахстана ожидается...