ШҚО-да биыл есірткіге қатысты 261 қылмыс жасалған

Облыстық Прокуратура баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың 10 айында өңір бойынша 261 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде 120-ы (46%) есірткі сату фактілері. 166 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Заңсыз айналымнан 380 келіден астам есірткі, оның ішінде 132 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Синтетикалық есірткі өндіретін 2 нарколаборатория және каннабис өсіретін 1 фитолаборатория жойылды. Құқық қорғау және арнайы органдардың жұмысынан бөлек, қоғамды есірткіге қарсы күреске белсенді түрде тарту, халық арасында, әсіресе оқушылар мен жастарға «есірткіге қарсы мәдениетті» қалыптастырудың маңызы зор.

— Осы мақсатта облыстың мектептері мен жоғары оқу орындарында есірткінің зияны туралы тақырыптық сабақтар өткізу қажет. Сабақ барысында облыс прокуратурасының бастамасымен түсірілген «Еркіндік иллюзиясы» атты деректі фильм көрсетіледі. Онда жеңіл ақшаға құмар болған жастардың өмірінен алынған нақты оқиғалар баяндалады, — дейді облыс прокуроры Алмат Байшолақов.

Синтетикалық есірткінің өңір аумағында бақылаусыз және еркін таралуына қарсы іс-қимылдың жаңа механизмі ретінде облыс прокуратурасы әкімдік және полиция департаментімен бірлесіп «STOP есірткі!» пилоттық жобасын жүзеге асыруды ұсынды. Бұл жоба бойынша азаматтарға есірткі, әсіресе синтетикалық түрлерінің заңсыз айналымы туралы расталған мәліметтерді хабарлағаны үшін ақшалай сыйақы беріледі.

Новые статьи

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...