ШҚО-да дәнді және майлы дақылдардың өнімділігі 25 пайызға артты

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті.

— Ауыл шаруашылығы — Шығыс Қазақстан экономикасының күретамыры. Бұл саланы дамыту — басты міндеттердің бірі.
Биыл дәнді және майлы дақылдардың өнімділігі 25 пайызға өсіп, экспорт ұлғайды. Өңделген өнімдердің экспорты бір жылда 37,6-ден 65,5 пайызға дейін өсті. Күнбағыс майын өндіруден Шығыс Қазақстан елімізде 1 орында тұр. Нақты айтқанда, жылына 255 мың тонна.
Келешекте облыстың экспорттық потенциалын көтеру үшін осы жылы халықаралық шаралар шеңберінде экспортқа өсімдік майын тасымалдауға бірнеше ірі келісім-шарт жасастық, — дейді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, ҚХР халықаралық көрмесінде 11 млн доллардың келісім-шартына қол қойылған. Ал Самарқандта өткен 4-ші «Қазақстан-Өзбекстан» халықаралық ынтымақтастық форумында 12 млн долларға келісім-шарт жасалды.

— Ұлан мен Зайсан аудандарында суды үнемдейтін агротехнологиялар бойынша ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының» қатысуымен «ERTIS BEREKE OSKEMEN» компаниясы бірлескен кәсіпорын құрып, «Su Bereke» брендімен отандық тамшылатып суару қондырғысын өндіруге кірісті. Жобаға жергілікті бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Өскеменде жылына 50 мың тонна шикізат өндіретін «Алтай май» май экстракциялау зауытының құрылысы аяқталады. Бұл зауыт өңделген өнімнің көлемін 595 мың тоннадан 700 мың тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді. Өсімдік майының экспорты бір жарым есеге ұлғаяды, — дейді Ермек Көшербаев.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...