в

ШҚО-да биыл азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 462 жәрмеңке ұйымдастырылды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңірде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын айтып берді.

— Шағын және орта бизнесті қолдаудың экономиканы дамытудағы маңызы зор. Осы мақсатта 674 жобаны субсидиялауға және кепілдендіруге 2,1 млрд теңге бөлінген. «Ақ-Ниет» өңірлік бағдарламасы шеңберінде 167 жобаға 1,8 млрд теңгеге несие берілді. Бұл салық төлемдерін 28,9%-ға, инвестиция көлемін 16,4%-ға және шағын-орта бизнес өндірген өнімнің үлесін 15,7%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Азық түлік бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті фермерлер мен тауар өндірушілерді субсидиялау, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау шаралары жүзеге асырылуда, — дейді аймақ басшысы.

Әлеуметтік маңызы бар тауарларды төменгі бағамен сату орындары тұрақты бақылауға алынған.
Тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді азық-түлік жеткізу үшін жыл басынан бері 1,4 млрд теңгеге 462 жәрмеңке ұйымдастырылды.

— «Алтай» көтерме және бөлшек сауда орталығы толық іске қосылғанда тауарды шаруа қожалықтарынан делдалсыз, тікелей алатын мүмкіндік туады. Атқарылған шаралар мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 28 жаңа өндіріс орындары мен шағын өңдеу цехтары ашылды. Осылайша ет және балық өнімдерінен консерві шығару бойынша республикада екінші орынға шықтық, — дейді Ермек Көшербаев.

В отдалениях сёлах ВКО установят 18 антенно-мачтовых сооружений для обеспечения интернетом

«Паводки, половодье, лесные пожары, лавины — в ВКО спасателям и дорожникам не приходится скучать», — аким ВКО