в

Өскемендік медбике ұшақта аллергиясы асқынған адамды құтқарып қалды

Пхукет-Алматы бағытындағы ұшақта отырған жас қызға шұғыл медициналық көмек қажет болған. Сол кезде еңбек демалысында жүрген өскемендік медбике Іңкәр Сейілғазина көмекке келіп, оны аман алып қалды.

Жолаушыларды стюардессаның «бортта медицина қызметкері бар ма?» деген сұрағы елең еткізген. Шығыс Қазақстан облыстық гематология орталығының медбикесі Іңкәр Сейілғазина бірден көмекке ұмтылды.

«Қызға жақындаған кезде ол аллергиялық реакция — квинке ісігінің белгілерін анықтады. Борттағы дәрі-дәрмектер мен құралдарды қолдана отырып, талманы басатын шұғыл медициналық көмек көрсетті. Жолаушы қыз Алматы әуежайына аман-есен жетті. Әуекомпания өкілдері медбикеге кәсібилігі үшін алғыс айтты», — деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасынан.

Іңкәр Сейілғазина – еңбек өтілі 31 жылдан асатын жоғары санатты реанимациялық медбике. Ол хирургия, реанимация, ковид бөлімшелерінде жұмыс істеген тәжірибелі маман.

Айта кетейік, Квинкенің ісінуі немесе ангиоэдема – терінің және тері астындағы тіндер аймағында пайда болатын дененің жедел қабыну реакциясы. Аллергиялық реакция жеңіл бөртпе түрінде көрініп, адамның өміріне қауіп төндіретін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Бұл жағдай шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.

Премьер-министр РК поручил социальным службам выстроить индивидуальный подход в решении вопросов лиц с инвалидностью

Нацкомпания «КазАвтоЖол» опубликовала список недобросовестных подрядчиков