Шығысқазақстандық дәрігерлер сирек кездесетін патологиясы бар әйелге технологиялық күрделі ота жасап, оның сәби сүю мүмкіндігін сақтап қалды

Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың гинекологтары жүктіліктің сирек кездесетін түрі – жатырдан тыс жүктілікке қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, сәтті ота жасап шықты, ең бастысы – әйелдің маңызды органын сақтап қалды.

-Жүктіліктің жатыр мойнында дамуы — бұл сирек кездесетін жағдай әрі қауіпті асқыну болып саналады. Өмірде мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және барлық жүктіліктің екі-үш пайызын құрауы мүмкін. Бұрын оны емдеудің жалғыз жолы — жатырды алып тастау болатын. Қазір біз жоғары технологиялық медициналық көмектің арқасында әйелдің бала көтеретін мүшесін сақтап қала аламыз. Мұндай ота науқастың денсаулығына қауіп төндірмейді және болашақта оған дені сау бала туғуа мүмкіндік береді, — деп атап өтті орталықтың гинекология бөлімінің меңгерушісі Әлия Қадырбаева.

Гинекология және инновациялық медицина бөлімшелерінің дәрігерлері Ғұмар Каденов, Шырын Мұхаматекалиева, сондай-ақ аурухананың гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Әлия Қадырбаева отаны екі кезеңде жасады.

Бұл жерде науқастың өміріне қауіп төніп қана қоймай, таразы басында оның келешекте ана болу бақыты да тұрғанын айта кеткен жөн.

-Мен үшін өмірдің осындай қиын кезеңінде дәрігерлер маған сезімталдық танытып, жағдайымды түсінуге тырысты. Сол үшін оларға алғысым шексіз. Менің басымнан өткен оқиға бүгінгі таңда осындай мықты мамандар мен медициналық технологиялардың бар екендігінің жарқын мысалы екеніне сенімдімін. Осындай қиын жағдайда әйелге бақытты ана болуға деген үмітті сыйлайтындары үшін де дәрігерлерге ризамын, — деді науқас.

Айта кетейік, орталықтың гинеколгтары 2021 жылдан бастап жаңа әдіспен аз қан кеткен күннің өзінде ұрықты алып тастауды меңгерген, бұл әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтайды.

Новые статьи

Касым-Жомарт Токаев подвел обозначил приоритеты развития Казахстана накануне Дня Республики и 35-летия Независимости

В Казахстане накануне Дня Республики прошло торжественное мероприятие, в ходе которого президент Касым-Жомарт Токаев напомнил о ключевых этапах становления государственности, рассказал об экономических и...

В Казахстане введут автоматизированный учет медицинских допусков водителей

В Казахстане планируют автоматизировать учет медицинских заключений, необходимых для управления транспортными средствами. Министерство здравоохранения подготовило проект приказа, который определяет единый порядок регистрации и обновления...

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...