в

Бұқтырма су қоймасындағы көпір ашылды

Президент тапсырмасы бойынша салынған Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ресми түрде ашылды. Оның ашылуына Премьер-министр Олжас Бектенов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қатысты.

Бұл көпір көлік қатынасына қатысты көп жылғы мәселенің өз шешімін табуына жол ашып отыр. Көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады.

Көлік министрі Марат Қарабаев Премьер-министрге ұзындығы 1316 метр екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы аяқталғаны туралы баяндады. Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылды. Жоба озық инженерлік технологияларды қолдана отырып және барлық сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды.

Облыс тұрғындарымен кездесуде Премьер-министр жобаны іске асыру көлік құралдарының жыл бойы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететінін, Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін және еліміздің көлік-логистика саласының дамуына оң әсер ететінін атап көрсетті.

— Жаңа көпір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында салынды. Аймақта тұрғындар 50 жыл бойы жазда не пароммен, қыста тікелей не мұз үстімен жүргенін білесіздер. Құрылыстың салынуын жергілікті тұрғындар ұзақ күтті, — деді Олжас Бектенов.

Правила переселения внутрених мигрантов и кандасов изменят в РК

Өскеменде мопед жүргізушілерімен болатын жол апаттары күрт көбейген