Өңір полицейлері 20 қазаннан бастап «Браконьер» жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Ондағы мақсат — браконьерліктің және биологиялық ресурстардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу. Соның алғашқы екі күнінде 35 заңбұзушылық анықталды.
«Тәртіп сақшылары қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын күшейтіп, балық пен жабайы аң-құсты, оның ішінде ҚР Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды аулауға жол бермеуде. Шығыс Қазақстан облысының 18 тұрғыны балық аулау ережесін, 12-сі аңшылық ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін 4 адамға айыппұл салынған», — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Айта кетейік, «Браконьер» жедел-алдын алу шарасы 19 қарашаға дейін жалғасады.