ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 30 маусым күні болған.
— 63 жастағы Toyota Vista көлігінің жүргізушісі жолда келе жатқан жылқыға соғылған. Қазіргі уақытта жануардың иесін анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалған.