Алимент төлеуден жалтарып жүрген адамның ісі ШҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған.
Сот шешімімен ол Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектелген еді. Айыпталушыға сот бірқатар міндет жүктеді.
— Алайда ер адам бұдан дұрыс қорытынды шығармай, жұмысқа орналасу және алимент бойынша берешекті өтеу міндеттерін орындамай қойды. Осыған байланысты Риддер қалалық сотының шешімі бойынша бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға қатаңдатылды. Сотталушы қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесіне қамауға алынды. Үкім толықтай заңды күшіне енді, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, былтыр ШҚО-да алимент төлемеген адам алғаш рет түрмеге қамалған болатын. Алимент бойынша қарызы 2 миллион теңгеден асқан ер адам 9 айға бас бостандығынан айырылған еді.