в

ШҚО-дағы аурухана мемлекеттік сатып алу порталында әдейі қателік жіберіп келген болуы мүмкін

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу барысында Алтай ауданы ауруханасы қызметкерлерінің әрекеті күдік тудырған.

«Аурухана мемлекеттік сатып алу порталында 1700-ден астам хабарландыру жариялағанымен, олардың кейбірі жарамсыз деп танылған. Осылайша, жергілікті компаниялардың тендерлерді ұтып алуына мүмкіндік жасалды», — делінген ақпаратта.

Мәселен, 67 келісім-шарттағы орыс тіліндегі жазбаларда қазақ тілінің әріптері қолданылған. Осындай қателер басқа компанияларға тендер хабарландыруын табуды қиындатып, бұл сатып алу процесі өтпеді деп жариялануына жол ашты. Соның арқасында аурухана бір көзден келісім-шарт жасасып отырған.

«Осындай хабарландырулардан кейін аурухана жергілікті компаниямен 86 млн теңгеден астам сомаға келісім-шарт жасасты. Осындай әрекеттерге заң бойынша жол берілмейді. Себебі бұл бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға әкеліп соғады. Бұған жол берген аурухана қызметкерлері жауапқа тартылды», — дейді департамент басшысы Денис Шакенов.

Соглашения о сотрудничестве и реализации совместных проектов подписаны между областью Абай и регионами Узбекистана

Почти 12 тысяч библиотек работают в Казахстане