Бұл туралы ақпаратты ШҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі таратты.
— Мемлекеттік қызметкер әкімнің пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы шешімімен келіспей, сотқа шағым түсірген. Әкім бас тарту себебін қызметтік пәтер баланста тұрған мемлекеттік орган мен қызметкердің арасында еңбек келісімшарты жоқтығынан деп түсіндірген. Ал талапкер мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі барын және экологиялық апат аймағында тұрған адам ретінде бұл пәтерді жекешелендіру құқығына ие екендігін жеткізген, — делінген ақпаратта.
Анықталғандай, талапкердің жалпы еңбек өтілі — 40 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өтілі — 35 жыл. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес, егер адамның мұндай тәжірибесі болса және атында үйі болмаса онда қызметтік пәтерді жекешелендіруге құқылы. Осылайша, сот мемлекеттік қызметкердің талап арызын қанағаттандырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.