Қала халқы «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында екі бірдей ауданның мәдени күндеріне арналған салтанатты шараға бара алады.
1 қараша күні сағат 18:00-де «Ертіс» концерт залында Күршім және Марқакөл аудандары өнерпаздарының гала-концерті өтеді. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарына қолөнер шеберлерінің көрмесі ұсынылмақ.
2 қараша күні сағат 8:00-ден бастап Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайында орналасқан «Алтай» жаңа көтерме-бөлшек сауда-орталығы аумағында Күршім мен Марқакөл аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.